ПАВЛОДАР. 15 ақпан. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Әлеуметтік желілердегі діни экстремизмді болдыртпау жолдары» атты дәріс оқылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Университеттің Этносаралық үдерістерді зерттеу аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығының басшысы Нұржамал Тышқанова, студенттер кәсіподақ ұйымының төрағасы Тілек Мәсәлім студенттерге дәріс оқыды. Діни экстремизм мәселелері жөнінде пікір алмасып, пікір сайысқа түскен студенттер, магистранттар белсенділік танытты.
Студенттер Асхат Тілеулен, Досымхан Досымовтар осы тақырыпта жасаған баяндамаларын оқып берді. Студенттерге экстремистік діни ағымдардың ғаламтор-кеңістігіндегі парақшаларын ажырата білудің жолдарын көрсетті. Арнайы кеңестер беретін сайттар ұсынылды. Бизнес және құқық факультетінің деканы Тахир Эрназаровтың айтуынша, елімізде өткен жылы діни экстремизм мен терроризмді насихаттағаны үшін 50-ге тарта сайт өз жұмысын тоқтатқан. «Білім +» жобасы аясында университет порталында «rukhanialem.psu.kz» сайты ашылды. Бұл сайтта дінтану және мәдениеттану бағыттарында кеңес алуға болады. Жоба аясында сенім телефоны жұмыс жасайды. Шалынған қоңыраулар құпия сақталады. Нұржамал Тышқанованың айтуынша, жалпы, университет факультеттерінде мұндай дәрістер оқудың мақсаты – студенттердің өзге жолға түсіп кетпеулеріне жол бермеу.
Сонымен қатар, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының muftyat.kz сайтының жұмысы аймақтық құрылымдарда жақсы нәтижесін беруде.
Айдар Өрісбаев.
Дерек, сурет: egemen.kz.
• 15 Ақпан, 2015
Павлодарда әлеуметтік желілердегі экстремизм жөнінде дәріс оқылды

Ертең елдің көп бөлігінде жаңбыр мен бұршақ жауады
Ауа райы • Кеше
Түркістан облысында балабақшадан өрт шықты
Оқиға • Кеше
Ақтөбе әкімдігіндегі ірі өрт: шығын көлемі жарияланды
Аймақтар • Кеше
Астанада Жеңіс күніне орай әскери техника көрмесі өтеді
Мереке • Кеше
Оралда жасалған алып кемеге Қонаевтың есімі берілді
Аймақтар • Кеше
Әсем Орынбай стенд атудан жаңа әлем рекордын орнатты
Спорт • Кеше