ҚОСТАНАЙ. 16 ақпан. Түмен облысындағы Ялуторовск-Ярково тас жолының бойында сұмдық көріністегі жол апатынан қостанайлық үш жолаушы қаза тапқан. Бұл туралы «Наша газета» газеті rusdtp.ru сайтына сілтеме жасай отырып, хабарлаған.
Негізі жол апатынан төрт адам қаза болған. Ялуторовск қаласына қарай келе жатқан ресейлік Hyundai Solari» машинасының 36 жастағы жүргізушісі алдындағы машинаны басып озамын дегенде, қарсы жолға шығып кеткен. Соның салдарынан алдында қарсы келе жатқан «Лада Приора» машинасына қатты соққымен соғысқан. Соққының қаттылығы сондай, қазақстандық «Ладаны» жолдың шетіне лақтырып жіберген. Оның ішіндег 52 және 55 жастағы екі ер адам және Hyundai Solaris машинасының жүргізушісі сол жерде тіл тартпай кетеді. «Ладаның» 30 жасатағы жүргізушісі ауыр халде ауруханаға апарған жерде есін жимастан қайтыс болады.
Түмен облысы жол қозғалысы мемлекеттік инспекциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, Hyundai Solaris машинасының жүргізушісі өткен жылы жылдамдықты арттырғаны, балаларды тасымалдау ережесін бұзғаны, қауіпсіздік ременьді тақпағаны үшін барлығы төрт рет жауапкершілікке тартылған екен. Бұл жолы оның ременьді таққаны анықталды, бірақ қатты соққыдан ол үзіліп кеткен, жүргізуші басынан қатты соққы алып, қаза тапқан.
Нәзира Жәрімбетова.
Дерек: ng.kz.
Сурет: rusdtp.ru.

Ертең елдің көп бөлігінде жаңбыр мен бұршақ жауады
Ауа райы • Кеше
Түркістан облысында балабақшадан өрт шықты
Оқиға • Кеше
Ақтөбе әкімдігіндегі ірі өрт: шығын көлемі жарияланды
Аймақтар • Кеше
Астанада Жеңіс күніне орай әскери техника көрмесі өтеді
Мереке • Кеше
Оралда жасалған алып кемеге Қонаевтың есімі берілді
Аймақтар • Кеше
Әсем Орынбай стенд атудан жаңа әлем рекордын орнатты
Спорт • Кеше