Қоғам • Бүгін, 11:00

74,5 мың гектар жерді сумен қамту сапасы жақсарды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сала министрлігінің мәліметінше ирригация және дренаж жүйелерін жетілдіру жобасының екінші кезеңі 74,5 мың гектар жерді сумен қамту сапасын жақсартуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде Ирригация желілеріндегі су шығыны жылына 193 млн текше метрге дейін азайды. Жоба Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары аумағындағы 11 нысанды қамтиды. Жобаның екінші кезеңін жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр, деп жазады Egemen.kz.  

74,5 мың гектар жерді сумен қамту сапасы жақсарды

Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Су шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Нұрбек Серіковтің айтуынша жобаны толық іске асыру нәтижесінде суармалы су шығынын жылына 360 млн текше метрге дейін қысқартуға, трансшекаралық су көздеріне тәуелділікті азайтуға және каналдардың тиімділігін 40-70%-ға дейін арттыруға гидромелиоративтік жағдай жасалады.

«105 мың гектар жердің сумен қамтамасыз етілуі мен жағдайы жақсарады, сондай-ақ жергілікті тұрғындар үшін 20 мыңға дейін тұрақты жұмыс орны ашылады», деді Нұрбек Серіков.

Жамбыл облысында 10 мың гектар егіс алқабын сумен қамтамасыз ететін екі нысан пайдалануға берілсе, Қызылорда облысында 15,1 мың гектар жерді сумен қамтамасыз ететін нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды.  

2025 жылдың маусым айының басына қарай жоба аясында 3064,88 шақырым канал (88,3%), 1280,87 шақырым коллектор (80,4%), 26 593 гидротехникалық құрылым (81,6%), 426 бақылау ұңғымасы (92,4%), 222 тік дренаж ұңғымасы (100%) реконструкцияланды.

Қазіргі уақытта 8 нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасып жатыр.