Президент • Бүгін, 14:00

Қазақстан Қытайға 1500 киік береді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға 1 500 ақбөкен (киік) беру туралы шешім қабылдады. Бұл бастама көрші елдегі сирек кездесетін жануар популяциясын қалпына келтіруді мақсат етеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан Қытайға 1500 киік береді

Фото: Ақорда

Қазақстаннан жіберілетін киіктер Қытайдың батыс бөлігінде жерсіндіріліп, сол аймақтағы экожүйенің байырғы мүшесін қайта тірілтуге үлес қосады. Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин аталған бастама үшін Қазақстан тарабына ризашылығын білдіріп, ақбөкендердің санын арттыруға бағытталған кешенді шаралар қолға алынатынын мәлімдеді.

Айта кетейік, соңғы жылдары Қазақстанда ақбөкен популяциясы айтарлықтай көбейген. Қабылданған экологиялық шаралар мен табиғатты қорғау саясатының нәтижесінде киіктер саны қалпына келіп, халықаралық деңгейде табиғатты сақтау бастамаларына серпін беріп отыр.