Оқиға • 17 Маусым, 2025

Алматыда балалар SIM-картасы іске қосылды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының прокуратурасы мен TELE2/ALTEL байланыс операторының бірлесуімен «SIM KIDS» атты балаларға арналған арнайы SIM-карта жобасы ресми түрде қолданысқа енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда балалар  SIM-картасы іске қосылды

Фото: Ашық дереккөз

Жоба балаларды интернеттегі зиянды және деструктивті контенттен қорғауға бағытталған. Бұл бастама Бас Прокурордың тапсырмасына сәйкес әзірленген 2023–2025 жылдарға арналған кешенді жоспар аясында жүзеге асып отыр. Жоспар балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған.

«SIM KIDS» SIM-картасы ата-аналарға баланың онлайн әрекеттерін бақылауға, зиянды сайттар мен қосымшаларды автоматты түрде бұғаттауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, дыбыссыз режимде болса да байланыс үзілмейді.

Пилоттық кезеңнен сәтті өткен жоба бүгінде барлық ата-аналар үшін қолжетімді.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Елге сенімі жоғары

Қоғам • Кеше

Мұратану мұраты

Ғылым • Кеше

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • Кеше

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • Кеше

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • Кеше