Қылмыс • 16 Маусым, 2025

Алаяқтардың айласы күшейе түсуде

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысының бірнеше тұрғыны ай басталғаннан бергі бір аптаның ішінде ғана алаяқтардың арбауына түсіп, 13 млн теңге ақшаларынан айрылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алаяқтардың айласы күшейе түсуде

 

Соның ішінде Петропавлдың 25 жастағы тұрғынына алаяқтар  WhatsApp арқылы хабарласып, өздерін «Қазпошта» қызметкеріміз деп таныстырып, сәлемдеме жеткізілуін растау үшін келген SMS-кодты айтуын сұраған. Осы кодты алған соң «банк қызметкеріміз» деп, оның атына несие ресімделіп жатқанын айтып шошытып, бірнеше банктің қосымшаларын жүктеуге және онлайн несие ресімдеуге көндірген.

Нәтижесінде алаяқтардың шотына жігіттің 2,4 млн теңгесі аударылған. Ал Айыртау ауданының  69 жастағы тұрғынынан өздері жіберген кодты қайталатқан соң «вирусқа қарсы бағдарлама» деген қосымшаны жүктетіп, есепшотындағы 4,2 млн теңгесін қағып кеткен. 

Ал Петропавлдың 37 жастағы тұрғыны тіпті сорлап қалған. Алаяқтар оның 6,5 млн теңгесін қақшып кеткен.  Полиция жұрттың бәріне жіберілген  SMS-кодты қайталап жібермеңіздер деп қатты ескертуде.

ПЕТРОПАВЛ

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Кеше

Акция аясындағы ауқымды жұмыс

«Таза Қазақстан» • Кеше

Онлайн сайлау жүйесі

Ғалам ғажаптары • Кеше

Қан алатын робот

Ғалам ғажаптары • Кеше

Апаттан аман қалған балалар

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Сарығыз» тазы көрмеге барады

Мәдениет • 01 Тамыз, 2025

Даңғыл көпір

Мереке • 01 Тамыз, 2025

Абай тойы басталды

Абай • 01 Тамыз, 2025