
Қазақтың жекпе-жек спорт өнерін насихаттау, әлемдік деңгейде мәртебесін көтеру, жастар арасында нашақорлыққа қарсы дағдыны қалыптастыра отырып қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында өткен жарыстың ашылу салтанатында Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов, Кеңес одағына еңбегі сіңген спорт шебері, Дүниежүзілік жекпе-жек қауымдастығының президенті Сабыржан Махметов пен Қазақстан Республикасы жекпе-жек ұлттық спорт федерациясының президенті Ержан Байжұмаев қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.
Әскери-жауынгерлік өнерімен қоса спорттың барлық түрлерін бір ортаға тоғыстырған чемпионатта командалық есепте жүлделі ІІІ орынды Шымкент қаласының спортшылары иеленсе, ІІ орынға Абай облысының құрамасы көтерілді. Ал, Түркістан облысының құрамасы жеңімпаз атанды. Барлық жеңімпаздар арнайы белбеулермен, дипломдармен және медальдармен, демеушілер есебінен арнайы бағалы сыйлықтармен марапатталды.