
«Мен Сіздердің өз міндеттеріңізді абыроймен орындайтындарыңызға сенім білдіремін. Алған білімдеріңіз бен игерген мамандықтарыңызды ел игілігіне қолданады деп сенемін. Қаһармандық пен ерліктің үлгісі болыңыздар. Сіздердің әрқайсыңыз елдің қорғанысыздар, халықтың тыныш ұйықтап, алаңсыз дем алуы Сіздердің еңбектеріңізге тікелей байланысты»,- деді генерал.
Диплом тапсыруға арналған салтанатты шара барысында Академия мен Ұлттық Ұланның жетістіктері туралы түсірілген бейнекөріністер тамашаланды. Жаңа офицерлер мен олардың салтанатты қуанышына ортақтасуға келген ата-аналары мен туған-туысқандарының жүздерінен нұр тамып, қуаныштары шалқып тұрды.
ПЕТРОПАВЛ