Медицина • 13 Маусым, 2025

Жас ғалым ми инсультінің алдын алатын әдіс ойлап тапты

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жас зерттеушісі Ажар Тұрсынова ми инсультін ерте анықтауға арналған жасанды интеллектке негізделген кешенді жүйе әзірледі. Ғылыми жаңалық инсультті дер кезінде болжауға, жедел медициналық шешім қабылдауға және адам өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz

Жас ғалым  ми инсультінің алдын алатын әдіс ойлап тапты

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Ажар Тұрсынованың айтуынша, қазіргі таңда инсульт – денсаулық сақтау саласындағы өзекті жаһандық мәселе.

«Бүгінгі таңда ми инсульті әлем бойынша денсаулық сақтау саласындағы жаһандық проблема. Инсультті диагностикалауда түрлі тәсілдер қолданылады. Бұл көп уақытты қажет ететін ауыр жұмыс. Негізінен, ми инсультін анықтау және сегментациялау компьютерлік томографияға (КТ) және магнитті-резонанстық томографияға (МРТ) байланысты. Рентгенологтар мен невропатологтар алынған кескіндерге өздері сараптама жүргізеді, бірақ инсульт көріністері әлсіз байқалатын суреттерді зерттегенде қателіктерге алып келуі ықтимал. Ал біздің әдіс, яғни жасанды интеллектіні пайдалану жедел диагностикалық жұмыстарды жүргізуге көмектеседі. Медициналық суреттерді жылдам талдауға және түсіндіруге мүмкіндік береді, бұл инсультті анықтау диагностикасын тездетеді»,  дейді ҚазҰУ ғалымы Ажар Тұрсынова.

Жасанды интеллект негізіндегі жаңа жүйе бұл мәселені шешуге бағытталған. Ол медициналық суреттерді жылдам әрі дәл талдауға мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде инсультті ерте кезеңде анықтау және нақты шешім қабылдау үдерісі айтарлықтай жеделдейді.

Ғалым бұл жобасы үшін патент алып, ғылыми журналдарда мақалалар жариялаған. Алдағы уақытта зерттеуші әдістемені әрі қарай жетілдіріп, нақты медициналық практикаға енгізуді көздеп отыр.

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025