ПЕТРОПАВЛ. 14 ақпан. Петропавл қаласының әкімі Марат Тасмағанбетов ішкі істер саласының бір топ жас қызметкерлерімен кездесіп, жайлы пәтерлердің кілттерін табыс етті. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қалалық ішкі істер басқармасы жыл өткен сайын жас кадрлармен толығып келеді. Қазір бұл салада 110 жас маман қызмет етеді. Бүгінде патрульдік бекетте 67, қылмыстарды іздеу бөлімінде 7, тергеу саласында 9 жас маман бар.
Шаһар басшысы Марат Тасмағанбетовтың қолынан жаңа пәтердің кілтіне ие болғандардың бірі – Баймұқановатар шаңырағы. Ішкі істер органында жұмыс жасайтын ерлі-зайыптылар бұған дейін пәтер жалдап келсе, енді олар бұл қиындықтан құтылды. Жол-патруль батальонының қызметкері Абай Мусин де баспаналы болды.
Жиында қоғамдық тәртіпті қадағалауда жемісті еңбек етіп жүрген жас полицейлерге құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыс етілді.
Өмір Есқали.
Дерек: Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Сурет: egemen.kz.

Ертең елдің көп бөлігінде жаңбыр мен бұршақ жауады
Ауа райы • Кеше
Түркістан облысында балабақшадан өрт шықты
Оқиға • Кеше
Ақтөбе әкімдігіндегі ірі өрт: шығын көлемі жарияланды
Аймақтар • Кеше
Астанада Жеңіс күніне орай әскери техника көрмесі өтеді
Мереке • Кеше
Оралда жасалған алып кемеге Қонаевтың есімі берілді
Аймақтар • Кеше
Әсем Орынбай стенд атудан жаңа әлем рекордын орнатты
Спорт • Кеше