
Алдымен «Солнечный-2» аталған осы шағын ауданның да, ондағы жаңа көшелер мен мектеп, балабақша сияқты құрылыстар да Мемлекеттік тілде аталуы керек деген дабылды ең алдымен «Егемен» көтерген еді. Осы дабыл ескеріліп, шағын аудан «Бірлік» аталды, ал ондағы көшелер «Кеңдала», «Бастау», «Ақсай», «Атамекен», «Ботай» аталып, жақында бұл атауларды қалалық мәслихат бекітті.
Бір өкініштісі сол, көшелерге елімізге, өңірімізге белгілі тұлғалар есімі де берілсін деген ұсынысымыз іске аспай: «кісі атын беруге тиым салынған» деген сылтаумен осындай бейтарап атаулар қойылды. Оған да тәубе дейміз...
ПЕТРОПАВЛ