Өндіріс • Кеше

Жаңа вагондар жолға шықты

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл сайын еліміздегі пойыз вагондары жаңарып келеді. Жолаушы тасымалының халықаралық желісін қалыптастыру бағытында белсенді жұмыстар жүріп жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Жаңа вагондар жолға шықты

Халықтың қауіпсіздігі үшін қазіргі таңда көптеген жаңа вагон жолға шықты. Жақында Comfort+ класындағы жаңа вагондар Астана-Қарағанды бағыты бойынша жүре бастады.

Бұл электр пойызы 6 вагоннан, 576 орыннан тұрады. Сонымен қатар, жаңа вагондардың жайлылық деңгейі жоғары, еуропалық стандарттарға сәйкес келеді. Жасы үлкен жолаушыларға арналған және балалары бар жолаушыларға ыңғайлы болуы үшін аяқ тіректері енгізілді. Мобильді құрылғыларды зарядтауға арналған USB қосқыштарымен жабдықталған. Вагондарда сусындар мен жеңіл тағамдар сатып алуға арналған сауда қондырғысы қойылған.

Электр пойызы күн сайын өз уақытымен жүреді. Маршрут бойынша жол жүру құны 3202 теңгені құрайды.

«Қолжетімділік пен инклюзивтілік мәселелерге ерекше назар аударылады. Әрбір вагонда биотуалеттер қарастырылған. Сондай-ақ, композиция екі жағынан платформалық көтергіштермен жабдықталған», дейді компанияның баспасөз қызметі.

Алдағы уақытта компания жылжымалы құрамды жаңарту бағдарламасы аясында бірінші, екінші, және үшінші класты тағы алты жаңа Электр пойызын алып, іске қосуды жоспарлап отыр.

Қарағанды облысы