Өндіріс • Кеше

Қарағандыда кремний қорытпасын өндіреді

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысында Karagandy Power Silicon кремний қорытпаларын шығаратын зауыт салынуда, деп жазады Egemen.kz.

Қарағандыда кремний қорытпасын өндіреді

Қуаты жылына 95 мың тоннадан астам өнімді құрайтын төрт пешті іске қосу жоспарланып отыр. Инвестициялар шамамен 63 млрд теңгені құрайды, шамамен 500 жаңа жұмыс орны құрылады.

– Ферросилиций өндіретін кәсіпорынның бірінші кезегін салу жобасы аяқталу сатысында. Қыркүйекте бірінші іске қосу кешенін толығымен пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Мұнда «Сарыарқа» АЭА-да алдағы уақытта кварц өндіруден бастап толық өндірістік тізбек – кремний кластері құрылады, – деді Karagandy Power Silicon бас директоры Талғат Мәкаев.

Қарағанды облысы