
Байрақты додада әлемнің 9 елінен келген 19 команда бақ сынады. Жарыс Крылатское ауданындағы Олимпиада қалашығында орналасқан «Баскет Холл» спорт кешенінде ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасынан бұл турнирге Ішкі істер министрлігінің (ІІМ) құрамасы қатысып өз күштерін сынады. Аталмыш құрама команданың құрамында Ұлттық ұланның спортшысы да болды. Ұлттық ұлан атынан жарысқа қатысқан жалғыз жауынгер – 6505 әскери бөлімінің қызметкері қатардағы Қылыш Еренқайыпов 66 келі салмақ дәрежесінде белдесіп, қола жүлдені иеленді.
Бұл – тек Ұлттық ұлан емес, күллі қазақстандық спорт үшін де зор жетістік. Сонымен қатар, Қылыш Нұрланұлы жақында ғана Семей қаласында өткен Ұлттық ұланның ішкі біріншілігі – қазақ күресінен өткен чемпионатта қарсыластарына дес бермей, 1-орынды жеңіп алған болатын. Екі түрлі күрес түрінен де үздік нәтиже көрсеткен жас сарбаз – Ұлттық ұланның абыройын асқақтатып, өз еңбекқорлығы мен қайсарлығын дәлелдеді.
Қарағанды облысы