Төтенше жағдай • Кеше

Өскеменде өрттен 19 адам құтқарылды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін


Өскеменде Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері тұрғын үйден шыққан өрт кезінде 19 адамды құтқарып, қауіпсіз жерге эвакуациялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өскеменде өрттен 19 адам құтқарылды

Фото: Ашық дереккөз

Өрт қаладағы Қазақстан көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерде болған. Ведомствоның мәліметінше, өрт аумағы шамамен 30 шаршы метрді құраған.

Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер түтін басқан аймақтан 18 адамды, соның ішінде 3 баланы сыртқа шығарып үлгерген. Сонымен қатар, 1946 жылы туған пәтер иесі өрт ошағынан құтқарылып, медициналық мекемеге жеткізілген.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.