Қоғам • 11 Маусым, 2025

Ақылын ішкен әкім

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің Солтүстік Қазақстан облыстық департаменті әдеп жөніндегі кеңесі кезекті отырысында  Ғ.Мүсірепов ауданындағы Ломоносов ауылдық округының әкімі Вячеслав Барсуковтың тәртіптік ісін соңғы 5 жылда 3-ші рет қарап, оған қатаң сөгіс беруді ұсынды, деп жазады Egemen.kz.

Ақылын ішкен әкім

Соңғы рет ол Қазақстан Конституциясы көшесімен қатты мас болып келе жатқанында ұсталған. Оқиға 2025 жылдың 31 мамыры күні түнде болған.  

«Мемлекеттік қызметкер бола тұра әкімшілік құқық бұзушылыққа барған. Көшеде теңселіп, аяғын зорға басып жүрген жерінен ұсталған», дейді департаменттің бас маманы Дархан Ермеков.

Өзін ғана емес, атқарып жүрген мемлекеттік жауапты қызметін сыйламаған адамға әділ жаза берілгені дұрыс болған.

Солтүстік Қазақстан облысы