
Фото: Ашық дереккөз
Шымкент қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
«Қалалық тұрғыннан түскен арыз негізінде кәмелетке толмаған баланы ұру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда барлық мән-жайларды жан-жақты анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», делінген хабарламада.
Сондай-ақ мекеме ішкі бұйрықпен көмекші тәрбиешіні қызметінен босатқанын хабарлады.
Қазіргі уақытта полиция тарапынан куәгерлерден жауап алу, бейнебақылау камераларындағы жазбаларды тексеру сияқты кешенді шаралар жүргізіліп жатыр. Іс бойынша тергеу жұмыстары полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынған.