Айбын • Бүгін, 09:20

Офицерлер қатарына жаңа буын қосылды

0 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астанада Ұлттық қорғаныс университетінің жедел-тактикалық басқару буыны бойынша білім алған магистрант-офицерлерге диплом тапсыру салтанаты өтті. Биыл жоғары оқу орнын 150-ден аса магис­трант сәтті аяқтады. Енді олар Қарулы күштер мен өзге де әскерлер және әскери құрылымдардың командалық құрамын толықтырады.

Офицерлер қатарына жаңа буын қосылды

Ұлттық қорғаныс универ­ситеті – еліміздің Қарулы күштерінің әске­ри оқу орындарының білім беру және ғылыми қызметін үйлестіретін ірі ведомствоаралық әдістемелік әрі ғы­лыми орталық саналады. Университет құрылғалы бері 1,5 мыңнан аса же­дел-тактикалық және жедел-стра­тегиялық басқару буынының әскери мамандары даярланған.

– Түлектерді алда әскери бөлім­дер мен құрамаларды басқару, армия­мыздың жауынгерлік дайынды­ғы мен кәсібилігін арттыру сынды маңызды міндеттер күтіп тұр. Осы жылы біздің офицерлермен қатар, Қырғызстан және Тәжікстанның да офицерлері білім алды. Бұл өзара әскери ынтымақтастық пен бауыр­ластықты нығайтуға сеп болады, – деді Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы Сұлтан Камалетдинов.

Биыл білім ордасынан түлеп ұш­қан­дар қатарында ІІМ Ұлттық ұла­ны­ның 19 офицері бар. Сондай-ақ құқықтық тәртіп әскері атынан полковник Арман Ысқақов докторантураны аяқтап, PhD ғылыми дәрежесін алды.

– Әскери қызмет жолындағы тағы бір маңызды белес артта қалды. Уни­верситетте алған жоғары білім­мен қатар, достық, қолдау рухын да өз­деріңізбен бірге алып бара жатқан­дарыңызға сенімдімін. Бұл рух жылдар өте келе нығая түсіп, елде­ріміздің қорғаныс қабілетін және бей­біт да­муын қамтамасыз етуге қыз­мет етеді, – деп Ұлттық ұлан бас қол­бас­шысының орынбасары Бауыржан Абжанов түлектерге тілек білдірді.

Салтанатты іс-шара соңында Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығы және Ұлттық ұланның ән-би ансамблі бірлесе өнер көрсетті. Құрмет қарауылы ротасының сарбаздары қарумен саптық көрініс жасап, көрермендерге әсерлі дефиле тарту етті. Әскери дәс­түр бойынша, түлектер салтанатты маршпен сап түзеп, Ұлттық ұланның оркестрі сүйемелдеуімен «Атамекен» патриоттық әнін орындады. 

Соңғы жаңалықтар

Қала қоқыс полигоны ма?

Экология • Кеше