Заң • Кеше

Ашық әрі жария процеске жағдай жасалды – Жоғарғы Сот өкілі

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

5 – маусым күні Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Шерзат Полатты өлтіру, Нұрғанат Гаипбаевты өлтіруге оқталу, бұзақылық, ұрлық және жасалған қылмыс туралы хабарламау айыптары бойынша 9 адамға қатысты үкім шығарды. 

Ашық әрі жария процеске жағдай жасалды – Жоғарғы Сот өкілі

Осы іске қатысты сот барысы 10 сәуірден бастап Жоғарғы Соттың ресми ютуб арнасында тікелей эфирде көрсетілді. Жоғарғы Сот Коммуникация бөлімінің меңгерушісі, сот процестерінің онлайн-көрсетілімдері бойынша жұмыс тобының жетекшісі Перизат Сәдуақас осы процесінің онлайн-көрсетіліміне қатысты мәліметтерді бөлісті.

Шерзат Полатқа қатысты сот процесі екі ай бойы өтіп, осы уақыт ішінде 36 эфир, 80 сағаттан астам тікелей көрсетілім жүргізілген. Ал Жоғарғы Соттың эфирлерін 30-дан астам медиа-ресурс ретрансляция жасаған. 

«Бишімбаев ісіндегі сияқты, біз бұл жолы да ашық әрі жария процеске жағдай жасадық, кез келген адам тікелей эфирді еркін көре алды. Жоғарғы Соттың ресми YouTube арнасында алғашқы отырыстан бастап көрсетілімдерді көру саны миллионнан асты», деді Перизат Сәдуақас.

Перизат Сәдуақастың айтуынша, Шерзат Полатқа қатысты сот процесін 42 ел азаматтары көрген. 

«6 маусым күнгі жиын өте ауыр болды. Үкім оқылған сәтте камера жанында, айыпталушылардың қасында тұрдым. Арамызда небәрі 3–4 жедел қимылдайтын арнайы жасақ қызметкері болды. Залдағы қысым сәт сайын артып, үкім жарияланған сәтте ернеуінен асты» дейді ол.

«Көпшілік үшін сапалы эфир «YouTube»-та «play» батырмасын басу сияқты көрінеді. Шын мәнінде, кадр сыртында команданың орасан еңбегі жатыр. Біз әр трансляцияның сапалы болуына күш салдық. Бұл – көпшілікке көріне бермейтін өте ауыр жұмыс. Мамандарымыз дайындық пен техникалық жұмыстарды тәулік бойы жүргізді. Түсірілім тобынан бөлек, ұйымдастыру-техникалық мәселелермен айналысатын мамандар да еңбек етті», деді Жоғарғы Соты Коммуникация бөлімінің меңгерушісі, сот процестерінің онлайн-көрсетілімдері бойынша жұмыс тобының жетекшісі.

Соңғы жаңалықтар

Қала қоқыс полигоны ма?

Экология • Кеше