
Фото: Sputnik / Михаил Воскресенский
Президенттің айтуынша, тараптар аталған бағыттар бойынша ынтымақтастықты тереңдетуге уағдаласты.
«2018 жылы София қаласында Астана көшесі пайда болды. Енді жақын арада елордада София атты көше ашылмақ», делінген хабарламада.
Мемлекет басшысы келіссөздердің табысты өткенін және олардың нәтижесінде бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылғанын жеткізді. Осы арқылы Қазақстан мен Болгария арасындағы ынтымақтастық жаңа деңгейге көтеріледі деп күтіледі.
Өз кезегінде Болгария Президенті Румен Радев Қазақстанмен тығыз серіктестікті дамытуға мүдделі екенін білдіріп, екі ел арасындағы саяси, экономикалық және мәдени байланыстарды нығайтудың маңыздылығын атап өткен.