Заң • Кеше

Жол қауіпсіздігіне жетілген шаралар керек

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жуырда петропавлдың жол сақшылары көлік жүргізуге құқығы жоқ 17 жасар жасөспірімді қаланың орталық көшелерінің бірінде «Audi» көлігін жүргізіп бара жатқан жерінен ұстады. Бұл баланың бірінші рет ұсталуы емес, бұған дейін де ол ұсталып, ата-анасы айыппұл төлеген, деп жазады Egemen.kz.

Жол қауіпсіздігіне жетілген шаралар керек

Бірақ жасөпірімнің өзі де, ата-анасы да тиісті қорытынды шығармай отыр. Осындайлардың кесірінен облыстың жолдарында жыл басынан бері 184 жол-көлік оқиғасы болып, 7 адам мерт болып, 256 адам түрлі жарақаттар алды.

Қазір облыс бойынша «Қауіпсіз жол» атты жедел-профилактикалық шаралар өткізілуде. Оған 350 полиция қызметкерлері тартылып, жол қауіпсіздігін бақылауда.  19 сәуірден бері жүргізіліп келе жатқан осы шаралар барысында жол жүруге құқық беретін куәлігі жоқ 135 жасөспірім ұсталған.

Осының өзі құқық бұзушыларға қолданылатын шаралардың ықпалының аздығын көрсетеді. Егер бір машинаны куәліксіз жүргізгені үшін екінші рет ұсталған баланың көлігі жасы 18-ге толып, куәлік алғанша тәркіленетін болса – құқық бұзушылық азаяр еді. 

Солтүстік Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар

Керек дерек

Digital • Кеше

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Кеше

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Кеше

Алаш дәрігері

Тұлға • Кеше

Нияз батыр

Зерде • Кеше

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Кеше

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Кеше

Пойыздағы арпалыс

Театр • Кеше

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Кеше