Қазақстан • Кеше

Екі ел арасындағы әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойылды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР ҚМ аппарат басшысы полковник Ербол Құмарбекұлының басшылығымен Қорғаныс министрлігінің делегациясы Ұлыбританияда ресми сапармен болды. Екі елдің қорғаныс ведомстволары арасындағы әскери ынтымақтастық жоспарының құжатына Лондон қаласында қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Екі ел арасындағы әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойылды

Фото: Қорғаныс министрлігі

Іс-шара барысында екіжақты әскери ынтымақтастықтың ағымдағы мәселелері және өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттары талқыланды. Ұлыбританияның жоғары әскери оқу орындарында Қазақстанның әскери қызметшілерін бітімгерлік, тілдік даярлау және оқыту негізгі бағыттар болып табылады.

«Іс-шара қорытындысы бойынша тараптар ҚР Қорғаныс министрлігі мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі Қорғаныс министрлігі арасындағы 2025–2026  жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды», деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

 

Соңғы жаңалықтар

Керек дерек

Digital • Кеше

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Кеше

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Кеше

Алаш дәрігері

Тұлға • Кеше

Нияз батыр

Зерде • Кеше

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Кеше

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Кеше

Пойыздағы арпалыс

Театр • Кеше

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Кеше