
Фото: inform.kz
«Қадірлі ағайын!
Сіздерді қасиетті Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – барша мұсылман қауымы үшін ұлағатты, тағылымды мереке. Адамдарды мейірім мен ізгілікке шақыратын, ұлтымызды ұйыстыратын ұлық мейрам.
Айт күндері жұртшылық бірін-бірі құттықтап, игі тілектер жолдайды. Жақсы істерге ұйытқы болып, шынайы ниетпен мұқтаж жандарға көмектесуге тырысады.
Құрбан айт – рухани кемелденетін кезең. Ол қоғамдағы келісімді, бірлік пен татулықты нығайта түседі.
Мейірбандылық, жанашырлық пен қайырымдылық сияқты халқымызға тән ізгі қасиеттерді дәріптеуге септігін тигізеді.
Ендеше, шуақты мереке елімізге амандық пен бақ-береке әкелсін!
Шалған құрбандарыңыз бен игі амалдарыңыз қабыл болсын!», делінген аталған құттықтауда.