
Фото: Жоғарғы Сот
Сот барлық дәлелдемелерді зерделеп, сотталушыларды тағылған айыптардың барлық баптары бойынша кінәлі деп танып, оларға келесі жазаларды тағайындады.
Абзал Шынасылға, екі аса ауыр және бір ауыр қылмыс, ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 5), 9), 14) тармақтары (адам өлтіру), 24-бабының 3-бөлігі – 99-бабы 2-бөлігінің 1), 7), 9) тармақтары (адам өлтіруге оқталу), 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық) жасағаны үшін қылмыстардың жиынтығы бойынша – 23 жыл бас бостандығынан айыру.
Сакиев Равильге, бір аса ауыр және бір ауыр қылмыс, ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі – 99-бабы 2-бөлігінің 7), 9) тармақтары (адам өлтіруге оқталу), 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық) жасағаны үшін қылмыстардың жиынтығы бойынша түпкілікті – 20 жыл бас бостандығынан айыру.
Тоқтаубаев Азаматқа, ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық), 188-бабының 1-бөлігі (ұрлық) жасағаны үшін, бұрын жасаған ауыр қылмысы және ол бойынша өтелмеген жазасы ескеріліп – 15 жыл бас бостандығынан айыру.
Ильясов Нұрқиясқа, ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық) жасағаны үшін, бұрынғы соттылығы және ол бойынша өтелмеген жазасы ескеріліп – 9 жыл бас бостандығынан айыру.
Әскентай Дарханға, Тоқтаубаев Нұрболға, Белгожаев Шыңғысқа және Қалиахмет Дидарға ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық) жасағаны үшін заңмен көзделген барынша қатаң жаза – әрқайсысына 7 жыл бас бостандығынан айыру.
Кәмелет жасқа толмаған Ы.-ға ҚК-нің 434-бабы (қылмыс туралы хабарламау) бойынша – 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сонымен қатар келтірілген моральдық шығынның есебіне Шынасылдан 60 млн. теңге, Сакиевтен – 30 млн. теңге, сондай-ақ қалған сотталғандардан ортақ тәртіпте және Сакиевтен – 30 млн. теңге өндіріледі. Кәмелет жасқа толмаған Ы.-ға жәбірленушілер азаматтық талап қоймаған.