
Фото: Ашық дереккөз
Бөлімнің хабарлауынша, қайғылы оқиға 2024 жылғы 28 мамыр күні таңғы сағат 06:20 шамасында болған. Ә.Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицейдің 9-сынып оқушысы өз үйінің ауласында өз-өзіне қол жұмсаған.
«Оқиға мектеп қабырғасында болған жоқ. Қазіргі таңда құқық қорғау органдары тарапынан тиісті тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осыған орай, әлеуметтік желі қолданушыларын расталмаған, жалған ақпарат таратпауға шақырамыз», делінген Қызылорда қаласының білім бөлімі таратқан ресми мәлімдемеде.
Қазіргі уақытта марқұмның отбасына қажетті психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетіліп жатыр.