
Фото: KAZ Minerals
2024 жылы пайдалануға берілген заманауи білім ордасы 1800 оқушыға арналған. Жобаның жалпы құны шамамен 10 миллиард теңгені құраған. Мектеп бір жылдың ішінде салынған.
«Бұл – адами капиталды дамытуға бағытталған стратегиямыздағы маңызды кезең. Біз көп жылдан бері білім беру саласын қолдап келеміз: тәжірибе алмасудан бастап қайта даярлау мен мектептерді жабдықтауға дейін. Бұл лицей жалпы білім беру деңгейін қамтиды», деді KAZ Minerals Management ЖШС басқарма төрағасы Эльдар Мамедов.
Мектеп бұрын оқу орны болмаған ауданда бой көтерген. Жаңа нысан инклюзивтілік қағидаттарын ескеріп, оқушыларға барынша қолайлы жағдай жасалған.
«Біз толық жабдықталған, заманауи даму кеңістігін құрдық. Бұл – балалардың болашағына, жалпы аймақтағы өмір сапасына қосқан нақты үлес. Осындай марапат алу – үлкен мәртебе», деді Мамедов.
Жаңа мектепте 48 оқу кабинеті, соның ішінде информатика, мультимедиа сыныптары, зертханалар, шеберханалар, аспаздық пен еңбек кабинеттері бар.
Сонымен қатар, KAZ Minerals компаниясы «Жылдың шахтері» және «Жылдың тәлімгері» номинациялары бойынша да марапатталған.