Қылмыс • 04 Маусым, 2025

Өштескен көршісін өлтіріп тынған

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Петропавлдың «Борки» шағын ауданында сағат таңғы 10.00 кезінде кісі өлімі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өштескен көршісін өлтіріп тынған

Фото: zoka74 / Getty Images

Ер адам көршісіне үш жерден пышақ салған. Жедел жәрдем қызметкерлері 38 жастағы жігіттің жан тапсырғанын анықтаған. Пышақ жаралары кеудеден, белден және бүйректен тиген.

Қайғылы оқиғаға бойынша қылмысты іс қозғалып, күдікті қамауға алынды. Алдын ала мәліметтерге қарағанда көршілердің арасында өзара өшпенділік болған.

Петропавл