Аймақтар • 03 Маусым, 2025

Қостанай облысында су құбырының құрылысына қаржы бөлінді

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысы тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Арнаулы мемлекеттік қордан шамамен 5,4 млрд теңге қаржы бөлінді, деп жазады Egemen.kz.

Қостанай облысында су құбырының құрылысына қаржы бөлінді

Фото: gov.kz

Бүгінде Тобыл қаласында халықтың 87,9%-ы орталықтандырылған су жүйесіне қосылған. Бұл көрсеткішті 100%-ға жеткізу үшін қалада ұзындығы 100 шақырымнан асатын су құбыры желілерінің құрылысы басталған. Үкімет бұл мақсатқа қордан 1,4 млрд теңге бөліп отыр.

Сондай-ақ Арқалық қаласына су құбырын тартуға 872 млн теңге бөлінген. Жоба 13 мыңнан астам тұрғыны бар қаланы ауыз сумен толық қамтамасыз етіп, 2025 жылдың соңына дейін сумен қамту деңгейін 96,5%-дан 100%-ға жеткізуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар  Қарабалық, Денисов, Қостанай, Федоров, Бейімбет Майлин аудандары ауылдарында, сондай-ақ Арқалық қаласындағы Жастар ауылында жалпы құны 3 млрд теңгеден асатын су құбыры желілерін тарту жоспарланып отыр.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің дерегінше, қазіргі таңда орталықтандырылған суға қолжетімділік Қостанай қаласында 99%-ды, ал ауылдық елді мекендерде 90,3%-ды құрайды.