
Фото: Polisia.kz
Ауқымды іс-шараға арнайы техника, дрондар және тікұшақтар тартылып, өңірде 18 мобильдік топ құрылды және республикалық маңызы бар автожолдарда екі бақылау-өткізу бекеті орнатылды.
«Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Құрманбек Саховтың мәлімдеуінше, заңсыз айналымнан 200 келіге жуық түрлі есірткі тәркіленіп, екі бірдей фитозертхананың қызметі тоқтатылған. Сондай-ақ ҚР ІІМ өкілдері Халықаралық Қазақ-Түрік университеті мен Яссы колледжінің студенттерімен кездесіп, есірткінің ағзаға зияны мен қылмыстық жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді», деп хабарлады Polisia.kz сайты.
Сондай-ақ, ведомствоаралық штаб пен ынтымақтастық жөніндегі кеңестің мәжілістері өткізіліп, атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы міндеттер нақтыланды.