Қоғам • 02 Маусым, 2025

Қазақстан халқының саны 20,3 миллионға жетті

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2025 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20 353 265 адамды құраған. Жыл басынан бері ел халқы 69,8 мың адамға артқан. Оның 63,4 мыңы – табиғи өсім, ал 6,3 мыңы – көші-қон есебінен тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан халқының саны 20,3 миллионға жетті

Фото: kursiv.media

Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, ел бойынша халық санының ең жоғары өсімі Астана қаласында байқалған.

«Жыл басынан бері елорда тұрғындарының қатары 29,7 мың адамға көбейген, оның 78,3 пайызы – көші-қон есебінен. Бұл Астананың еңбек нарығы мен инфрақұрылымы мигранттар үшін тартымды екенін көрсетеді», делінген хабарламада.

Сондай-ақ көші-қон бойынша оң сальдо Алматы және Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ республикалық маңызы бар Алматы, Шымкент және Астана қалаларында тіркелген.

Соңғы жаңалықтар

Уақытты дәл өлшейтін аспап

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:43

28 сағатта салынған үй

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:42

Ең жіңішке көлік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:40

Тостаған

Тарих • Бүгін, 09:38

Ақтауды асқақтатқан аламан

Айтыс • Бүгін, 09:36