
Фото: Ашық дереккөз
Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, қылмыс түнгі уақытта жасалған. Куәгерлер болмағанымен, полиция қызметкерлері дер кезінде әрекет етіп, 22 жастағы Астана тұрғынын анықтаған.
Тергеу барысында белгілі болғандай, Mercedes маркалы автокөлік көпқабатты үйдің ауласында тұрған. Күдікті түн ішінде бірнеше көліктің есігін тексеріп, құлыпталмаған көлікке кіріп, салоннан кілт дайындауға арналған арнайы құрылғыны жасырын ұрлап кеткен. Келтірілген материалдық шығын көлемі шамамен 300 мың теңгені құраған.
Қазіргі таңда аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес қылмыстық іс қозғалған. Күдікті өз кінәсін толық мойындаған.