
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру мен бөлу жөніндегі комиссия арнайы талдау жасап, талапкерлердің мамандықтарға түсу және түспеуін зерделеген. Соның нәтижесінде бөлінген гранттар толық игеріліп келеді. Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Қасымбекованың айтуынша, облыс әкімдігінің салалық басқармалары, өңірлік кәсіпкерлер палатасы, 17 аудан және қала әкімдігі, кәсіпорындардан 110 мамандық бойынша 23 мыңнан аса орынға сұраныс келген. Биыл өңірдегі колледждерге 15 500 орынға грант қарастырылып отыр. Оның ішінде 9600-і жұмысшы мамандықтарына арналған.