Спорт • 02 Маусым, 2025

Қазақстандық қос каратэші әлемнің жыл үздігі атанды

100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Марокко астанасы Рабатта каратэден Премьер-лига санатындағы жылдың қорытынды турнирі аяқталды. Биылғы 4 жарыс нәтижесі бойынша рейтингте көп ұпай жинаған екі отандасымыз үздік спортшыға берілетін Grand Winner аталымына ие болды, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстандық қос каратэші әлемнің жыл үздігі атанды

Фото: Қазақстан каратэ федерациясы

Қазақстан каратэ федерациясының мәліметінше, Марокко елінде сол аталымға ие болған Мөлдір Жаңбырбай (-50 кг) және Әсел Қанай (-61 кг). Осы уақытқа дейін ұлттық құраманың 2 спортшысы қатарынан мұндай марапатқа ие болмаған екен.

Былтыр тұңғыш рет Grand Winner жүлдесін жеңіп алған Мөлдір Жаңбырбай – Қазақстаннан аталған сыйлықты 2 мәрте иеленген алғашқы каратэ шебері.

М.Жаңбырбай биыл Парижде (Франция) алғашқы Премьер-лига бәсекесінде қола, Ханчжоуда (Қытай) күміс, Каирде (Египет) алтын медальға қол жеткізген. Ал Әсел Қанай Париж бен Каирде күміс, Ханчжоуда қола медаль еншілеген.

Соңғы жаңалықтар

Уақытты дәл өлшейтін аспап

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:43

28 сағатта салынған үй

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:42

Ең жіңішке көлік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:40

Тостаған

Тарих • Бүгін, 09:38

Ақтауды асқақтатқан аламан

Айтыс • Бүгін, 09:36