
Фото: egemen.kz/ Ерлан Омар
Жоба тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға және ауылдық жерлерде инфрақұрылым құруға бағытталған. Барлық жұмыс аяқталған соң Жаңаарқа ауданында халықты ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі 100% құрайды.
Аймақтағы Жаңаарқа ауданындағы Ералиев ауылдық округі мен Ақбастау ауылының №189 разъезіндегі құбыр құрылысына 274 млн теңгеден астам қаржы бөлінген.
Осы аудандағы Бидайық ауылдық округіне де жаңа су құбырын тарту жоспарланып отыр. Бұл мақсатқа 296 млн теңге қарастырылған.
Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, елімізде сумен жабдықтау қызметіне қолжетімділік қалалық елді мекендерде 99,4%-ды, ауылдық жерлерде – 97,8%-ды құрайды.