
Фото: Ашық дереккөз
Оқиға «Қарағанды — Ақадыр» теміржол учаскесіндегі «Қарағанөзек — Қарабас» өткелінде болған.
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының хабарлауынша, пойыз машинисі рельске шыққан баланы байқап, дереу шұғыл тежегішті қолданған. Соған қарамастан, бала жарақат алған.
Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен бала ауыр халде ауруханаға жеткізілген.
«Бала ауыр жағдайда облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды», делінген хабарламада.
Қазіргі таңда аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.