
Бұл басылымдар «Қазақ музыкатанушылары» ғылыми-библиографиялық серия аясында жарық көрді. Таныстырылған еңбектер қатарында қазақтың белгілі музыкатанушысы, өнертану ғылымдарының кандидаты, профессор Ғафура Бейсенованың өмірі мен шығармашылығына арналған «Тағылымға толы ғұмыр: Ғафура Нұрғалиқызы Бейсенова» екінші кітап және де өнертану саласына айрықша үлес қосқан музыка зерттеушісі, Қазақстанның Еңбек сіңірген өнер қайраткері, КСРО Композиторлар одағының мүшесі, Ұлы Отан соғысының ардагері Жиенбек Жұманбайұлы Ырысалдиннің 100 жылдығына арналған «Өнердің сырбаз сыншысы: Жиенбек Жұманбайұлы Ырысалдин» атты бесінші кітап бар.
Бұл еңбектерде аталған тұлғалардың ғылыми мұрасы, өнер саласына қосқан үлесі мен өмір жолы қамтылған.
Жиынды М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының «Музыкатану» бөлімінің меңгерушісі, өнертану ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Айнұр Қазтуғанова Айнұр жүргізіп, ғалымдар
бұл кітаптардың ұлттық өнертану ғылымына қосылған құнды үлес екенін айтып, осындай бастамалардың жалғасын табуы қажеттігін атап өтті.
Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының доценті Жайдаргүл Қазыбекова, Құрманғазы атындағы ҚҰК профессоры, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының жетекші ғылыми қызметкері Ақлима Омарова, Жиенбек Ырысалдин және Ғафура Бейсенованың қыздары – Зәуре Ырысалдина, БаянЫ рысалдина, сондай-ақ басқа да туған-туыстары, «Музыкатану» бөлімінің қызметкерлері қатысып мәдени-ғылыми кездесудің қазақ музыкатанушыларының мұрасын кеңінен насихаттап, жас ұрпаққа жеткізуге бағытталған маңызды қадам екенін атап өтті.
АЛМАТЫ