Заң • 30 Мамыр, 2025

7 мыңнан астам шетелдік көші-қон заңнамасын бұзған

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл фактілер ІІМ көші-қон қызметі комитеті аумақтық полиция бөліністерімен бірлесіп өткізген ауқымды жедел-алдын алу іс-шарасында анықталған, деп жазады Egemen.kz.

7 мыңнан астам шетелдік көші-қон заңнамасын бұзған

Фото: polisia.kz

Оның ішінде 2,5 мыңнан астам шетелдік Қазақстан Республикасының аумағында болу мерзімін бұзса, 862 шетелдік тиісті рұқсатсыз жұмыс істеген. Ал 499 қазақстандық жұмыс беруші заңсыз шетелдік жұмыс күшін тартқан. 3 мыңнан астам қабылдаушы тұлға ішкі істер органдарына шетелдік азаматтардың өздерінде тұратыны туралы хабарламаған.
Іс-шара нәтижесінде 678 шетелдік азамат елден шығарылып, құқық бұзушылардың барлығы жауапқа тартылған. 

ІІМ алғаш рет Мысыр азаматтарының елімізде заңсыз еңбек қызметі фактісі тіркелгенін де мәлімдеді. 14 мысырлық Қарағандыда ірі құрылыс алаңында рұқсатсыз жұмыс істеген.

Алматы облысының Жамбыл ауданында көші-қон қызметінің қызметкерлері заңсыз алкоголь өндірумен айналысқан 12 ҚХР азаматын анықтаған. Олардың да тиісті рұқсат құжаттары болмай шыққан.
Осы жағдайлар бойынша Қылмыстық кодекстің 395-бабымен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Алматы облысында полиция қызметкерлері ХҚКО-ның үш қызметкері ұйымдастырған заңсыз көші-қон арнасын анықтады. Олар жеке басының пайдасы үшін заңды бұза отырып, еңбек мигранттарын заңдастыру үшін жалған құжаттар жасаған. Бұл іс бойынша ҚР ҚК 394-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.