
Фото: Ашық дереккөз
Бүгін өткен сот отырысында жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев өз қорғауындағы тарап – Қаржаубай Нұрымов, оның жұбайы Гүлбара Бишимбаева және Шерзаттың әжесі Жұмабике Қадырованың атынан азаматтық талап арызды жария етті. Атап айтсақ:
- Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына ұлының жерлеу рәсіміне жұмсалған шығын ретінде Абзал Шынасылдан 2 млн 794 мың теңге материалдық шығын өндіру;
- Абзал Шынасыл мен Равиль Сакиевтен Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына бұзақылық салдарынан келген моральдық зиян үшін 100 миллион теңге (әрқайсысынан 50 миллион теңгеден);
- Осы екеуінен Гүлбара Бейшенбиеваның пайдасына – 100 миллион теңге (солидарлы түрде);
- Осы екеуінен Жұмабике Қадырованың пайдасына – 100 миллион теңге (солидарлы түрде).
- Шыңғыс Белгожаев, Дархан Әскентаев, Нұркияс Ілиясов, Дидар Қалиахмет, Азамат және Нұрбол Тоқтаубаевтардан Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына әрқайсысынан 20 миллион теңгеден, барлығы – 120 миллион теңге.
- Осы тұлғалардың әрқайсысынан Гүлбара Бейшенбиеваға да 20 миллион теңгеден, жалпы – 120 миллион теңге.
- Сол тұлғалардың әрқайсысынан Жұмабике Қадыроваға да 20 миллион теңгеден, жалпы – 120 миллион теңге.
Осылайша, отбасы моральдық зиянның жалпы көлемін 662 794 мың теңгеге бағалап отыр.