Туризм • 29 Мамыр, 2025

Қызылордада жас туристер слеті өтті

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оған қаладағы мектептерден 100-ден астам жас қатысты. «Туризм – нашақорлыққа қарсы» ұранымен ұйымдастырылған шарада жастар командасы велосипедпен кедергілі алаңнан өтіп, арқанды түйіндей байлап, туристке тән тәжірибені меңгере бастағандарын көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылордада жас туристер слеті өтті

Жеті мектептен команда қатысқан финалдық сайыста №15 мектеп-лицейінің қатысушылары кедергілер жолағынан өтуде алдына жан салмаса, №173 орта мектеп командасы қиын бұрылыстардан велосипедтпен өтудің үлгісін көрсетті. Ең үздік капитан №8 орта мектеп командасының құрамынан анықталды.

Жарыс үздіктеріне «Жастардың спорттық туризм және туристік көпсайыс федарациясы», Қызылорда облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен қалалық білім бөлімі өкілдері құрмет көрсетті.