
Фото: ОКҚ
Қазақстанның магистральдық теміржол желісі бойынша 154 бағытта пойыздар қатынап жатыр. 2024 жылы теміржол көлігімен 20,8 млн жолаушы тасымалданған. Ал, биыл 22 млн жолаушыны тасымалдау жоспарланған, оның ішінде жаз айларында – 7 млн астам адам.
Спикердің айтуынша, тасымалдың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жазғы маусымға қосымша 12 бағыт ұйымдастырылады, оның ішінде 9 бағыт Алакөлге дейін қатынайды, сондай-ақ Астанадан Алматы, Шымкентке дейін тағы 3 маршрутты, Балқаш-Қарағанды бағытын ұйымдастыру жоспарланған.
«Аталған шаралар жазғы маусымда пойыздарда шамамен 300 мың қосымша орын құруға мүмкіндік береді. Жолаушылар ағынының артуына байланысты пойыз құрамдарының ұзындығы қосымша вагон тіркеу арқылы кезең-кезеңімен ұлғайтылады, бұл шамамен 1 млн қосымша орын ұсынуға мүмкіндік береді», деді Ж.Тайжанов.