Туризм • 28 Мамыр, 2025

Баянауылда туристік маусым ашылады

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазіргі уақытта Баянауыл ауданында жалпы сыйымдылығы 5 мың адамға арналған 54 демалыс үйі бар, деп хабарлайды Egemen.kz.

Баянауылда туристік маусым ашылады

«Жасыбай» демалыс аймағында туристік маусымның ресми ашылуы 14 маусымға жоспарланған. Қазіргі уақытта Баянауыл ауданында жалпы сыйымдылығы 5 мың адамға арналған асатын 54 демалыс үйі бар. Жол бойындағы қызмет көрсету нысандары жұмыс істейді. Жазғы кезеңде «Жасыбай», «Сабындыкөл» және «Торайғыр» демалыс аймақтарында қосымша тамақтану орындары мен сауда павильондарын ашу жоспарлануда.

- 14 туристік маршрут әзірленіп, іске қосылуға дайын. Демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін барлық қызметтер әзірлігі мығым. Бейнебақылау камералары орнатылып, су айдындарында құтқару бекеттері ұйымдастырылды., жол бойындағы қызмет көрсету нысандары жұмыс істейді. Туристік инфрақұрылымды одан әрі дамыту үшін шамамен 568 млн теңгеге Сабындыкөл көлінің жағалау аймағын абаттандыру көзделген. Жоба бойынша кіреберістер, шағын архитектуралық формалар орнатылады және бақылау алаңдары ұйымдастырылады. Сондай-ақ, Баянауыл ауылында 1 млрд теңгеге жуық қаражатқа өлкетану музейі орналасатын визит-орталықтың құрылысы жүргізілуде. Бұл бастамалар «Жасыбай» көліне түсетін жүктемені азайтуға бағытталған,-деп хабарлады аудан әкімдігінен.

Торайғыр ауылындағы айналасында қара қандыағаш өсетін бірегей табиғи орын - «Әулие бұлақ» аумағын абаттандыруға ерекше назар аударылуда. Онда жуынатын кабинкалар, орындар жабдықталып, экологиялық туризмді дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалды.

Сондай-ақ, келушілер жиі баратын «Кемпіртас» жартасына дейіәнгі жолды асфальттау көзделген. Жартастың жанында қола дәуірінің археологиялық ескерткіштері - Андронов мәдениетінің қорымдары мен қоныстары орналасқан.

Соңғы жаңалықтар

«Жасыбай» жағасы жүдеп тұр

Аймақтар • Бүгін, 08:25

Роботтар жекпе-жегі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Өсімдіктер де сөйлейді

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:13

Төрт тілде жарық көрген жинақ

Басылым • Бүгін, 08:10