
Фото: ашық дереккөз
Бүгінге дейін облыс өңірінде осындай заманауи стандарттарға сай келетін әкімшілік ғимараттар бой көтермеген.
Аталған нысан Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өңірлік құрылымдарына арналған.
Жаңа ғимарат заманауи техникалармен жабдықталған. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлеріне өз міндеттерін мінсіз атқаруға мүмкіншілік жасалған.
Қаражал қаласы төрт ірі облыстың Қарағанды, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарының түйіскен қиылысында орналасқан. Сондықтан бұл жерде қауіпсіздік құрылымдарының сапалы жұмыс істеуіне қажетті жағдайлар жасау аса қажет.
Мемлекет пен қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, құқықтық тәртіпті нығайтуда ҰҚ қызметкерлері қырағылық таныта бермек.
Ұлытау облысы