Оқиға • 27 Мамыр, 2025

Енді ChatGPT де салық төлейді

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті цифрлық экономика саласында ашықтықты арттыру және әділ салық салу жүйесін дамыту бағытындағы жұмыстарын жалғастырып келеді. Осы бастаманың аясында 2025 жылғы мамыр айынан бастап жасанды интеллект саласындағы әлемдік көшбасшы — OpenAI, L.L.C. компаниясы Қазақстанда шартты түрде тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Енді ChatGPT де салық төлейді

Фото: Ашық дереккөз

Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, OpenAI компаниясы әзірлеген танымал ChatGPT жүйесі енді Қазақстан аумағында көрсетілген цифрлық қызметтері үшін қосылған құн салығын (ҚҚС) төлейтін болады. Бұл қадам трансұлттық ІТ-компанияларға әділ салық салуды қамтамасыз етуде маңызды кезең саналады.

«ChatGPT — бұл жасанды интеллектіге негізделген чат-бот. GPT (Generative Pre-trained Transformer) тілдік моделі негізінде жұмыс істейді және келесідей мүмкіндіктерге ие:

  • сұрақтар мен өтініштерді түсіну;
  • мағыналы әрі қисынды жауаптар құрастыру;
  • аударма, хат жазу, кодтау, оқу және басқа да салаларда көмек көрсету.

ChatGPT-ті виртуалды көмекші, кеңесші, сұхбаттасушы немесе шығармашылық пен жұмысқа арналған құрал ретінде пайдалануға болады», делінген хабарламада.

Айта кетейік, цифрлық қызметтерге салық салу тәжірибесі елімізде 2022 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. «Google салығы» ретінде белгілі бұл механизм шетелдік ІТ-алыптардың ел экономикасына әділ үлес қосуын қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік кірістер комитеті цифрлық платформалармен өзара іс-қимылды жетілдіру, заңнаманы сақтау және салық түсімдерін ұлғайту бағытында жұмысын одан әрі жалғастырады.