
Полиция қызметкерлерінің бастамасын «Amanat» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» ЖҚ ҚОФ мүшелері қолдапты.
Акцияға студенттер мен еріктілердлің үлес қосуы, есірткі қылмысына қарсы күрес ортақ іс екенін көрсетіп отыр. Полицейлер жастар мен жасөспірімдер арасында өткізген 245 профилактикалық іс-шарада есірткінің зияны туралы айтып, кейінгі толқынды жаман жолдан аулақ болуға шақырды.
Жастарды еліктіріп, теріс жолға түсіретін жарнаманы жоюға жүздеген жас қатысса, профилактикалық шараларға 12 мыңға жуық адам келді.