Аймақтар • 26 Мамыр, 2025

Жол-көлік оқиғасын азайтудың бір шарасы

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысының жолдарында 143 жол-көлік оқиғалары (ЖКО) тіркеліп, соның салдарынан 7 адам мерт болып, 200-ден артығы түрлі жарақаттар алған.

Жол-көлік оқиғасын азайтудың бір шарасы

 

ЖКО-ны азайту мақсатымен жүргізіліп жатқан шаралардың бірі – жолаушылар тасымалдайтын көлік иелерінің талапқа сай болуын тексеру.

Кейбір жүргізушілер ешқайда тіркелмей-ақ қалтафондарына мобильдік қосымша енгізіп алып, көлік іздеген жолаушыны тасымалдауға тырысады.

Талап бойынша тіркелмегендіктен мұндай іс заңсыз кәсіпкерлікке жатады. Осындай жүргізушілерге 15 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Жыл басынан бері Солтүстікте осындай 60 жүргізуші анықталған.  

Солтүстік Қазақстан облысы