
Іріктеуге келесі талаптарға сай кез келген ҚР азаматы қатыса алады:
- Жасы 35-тен аспауы тиіс;
- Жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы керек;
- Мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес деңгейде меңгеруі қажет (QAZAQ RESMI TEST немесе KAZTEST сертификаты арқылы расталады).
Іріктеу маусымнан қазан айына дейін бірнеше кезеңмен өтеді. Қатысушылар өз салалары бойынша бағаланып, әр кезеңнен кейін үздіктер іріктеліп отырады.
Сайтта тіркелу кезінде төмендегі құжаттар қажет:
- Жоғары білім туралы диплом;
- Еңбек өтілін растайтын құжат (Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес);
- Мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі туралы жарамды сертификат.
Қатысушылар алты бағыттың бірін таңдай алады:
- Инфрақұрылым, өнеркәсіп және сауда;
- Ауыл шаруашылығы және экология;
- Сыртқы саясат және инвестициялар;
- Экономика және қаржы;
- Цифрландыру;
- Әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам.
Егер өтінім беру кезінде жарамды тіл сертификаты болмаса, үміткерге бір реттік тегін тестілеуден өту мүмкіндігі беріледі. Ол үшін QAZAQ RESMI TEST (www.qrt.kz) немесе KAZTEST бойынша берілетін промокод арқылы тіркелу қажет.
1-30 маусым аралығында pkrezerv.gov.kz сайтына ЖСН мен электрондық поштаны енгізіп тіркелу қажет. Жүйе жасыңыздың талапқа сай екенін тексергеннен кейін анкета толтыру және құжаттарды жүктеу мүмкіндігі беріледі.
Тіркелу барысында сұрақтар туындаған жағдайда кандидат https://pkrezerv.gov.kz сайтындағы Jivo чат немесе +7 700 096 70 74 нөмірі бойынша қолдау қызметіне, сондай-ақ info@pkrezrv.gov.kz электрондық поштасына хатжолдау арқылы жүгіне алады.