Оқиға • 26 Мамыр, 2025

Азаматтықтан бас тартатындар азайып келеді - Ерлан Қарин

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалық етуімен ҚР Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиында Қазақстан азаматтығына қабылдау және одан шығару мәселелері қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Азаматтықтан бас тартатындар азайып келеді - Ерлан Қарин

Фото: Ақорда

Отырыста Ерлан Қарин соңғы алты жылда еліміздің азаматтығынан бас тартқан адамдардың саны тұрақты түрде азайып келе жатқанын атап өтті.

Мысалы, 2019 жылы 1,7 мың адам азаматтықтан бас тартса, 2020 жылы – 944, 2021 жылы – 123, 2022 жылы – 114, 2023 жылы – 107, ал 2024 жылы 77 адам азаматтықтан шыққан. 

Мемлекеттік кеңесші бұл көрсеткіштердің Қазақстан азаматтығы институтының абыройы мен тартымдылығы артып келе жатқанын, сонымен қатар ел халқының болашаққа деген сенімі нығайғанын білдіретінін айтты.