Оқиға • 26 Мамыр, 2025

Шымкенттен Еуропа елдеріне тікелей рейстер ашылды

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласынан Еуропа мен Азияның алты еліне тікелей халықаралық әуе рейстері ашылды. Салтанатты шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әуежай инфрақұрылымын дамыту және аэрохабтар желісін кеңейту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында іске асырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкенттен Еуропа елдеріне тікелей рейстер ашылды

Фото: Ашық дереккөз

Көлік министрлігінің хабарлауынша, рейстер Boeing 737 типті әуе кемелерінде орындалады. 

  • 27 мамырдан бастап Шымкент-Мюнхен бағытындағы әуе рейсі аптасына 2 рет сейсенбі және бейсенбі күндері;
  • Шымкент-Будапешт бағыты аптасына 2 рет сейсенбі және сенбі күндері;
  • 29 мамырдан бастап Шымкент-Шанхай бағыты аптасына 2 рет дүйсенбі және бейсенбі күндері;
  • Шымкент-Сеул рейсі аптасына 2 рет дүйсенбі және бейсенбі күндері, ал Шымкент-Каир рейсі әр бейсенбі сайын;
  • 24 маусымнан бастап Шымкент-Каир рейсі аптасына 2 рет дүйсенбі және бейсенбі күндері;
  • 2 шілдеден бастап Шымкент-Сиань әуе рейсі іске қосылып, сәрсенбі және сенбі күндері аптасына 2 рет;
  • 4 шілдеден бастап Шымкент-Үрімші рейсі аптасына 2 рет сейсенбі және жұма күндері жүзеге асады.

Іс-шараға ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің төрайымы Салтанат Томпиева, SCAT әуе компаниясының президенті Владимир Денисов, Шымкент қаласының туризм басқармасының басшысы Бексұлтан Әділханов, сондай-ақ Венгрия, Германия, ҚХР, Оңтүстік Корея және Египет елшіліктерінің өкілдері қатысқан.

Естеріңізге сала кетейік, Шымкент әуежайының жаңа терминалы 2024 жылдың 25 желтоқсанында ашылды. Сонымен қатар, перрон мен тұрақ орындары жаңартылып, вокзал маңы инфрақұрылымы жетілдірілген.