Әлем • 26 Мамыр, 2025

Қытайда толассыз жауған жаңбырдан 6 адам қаза тапты

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың оңтүстік өңірлерінде толассыз жауған жаңбыр су тасқынына ұласып, Гуанси-Чжуан автономиялық ауданында кемінде алты адамның өмірін жалмап, тағы екі тұрғын із-түзсіз жоғалған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қытайда толассыз жауған жаңбырдан 6 адам қаза тапты

Фото: Ашық дереккөз

Елдің Ұлттық метеорологиялық орталығының хабарлауынша, ауа райының күрт нашарлауы әсіресе Гуандун провинциясындағы Гуанчжоу мен Шэньчжэнь қалаларын қиын жағдайға душар еткен. 700-ден астам әуе рейсі кейінге шегеріліп, мүлде тоқтатылған.

Метеорологтар 27–29 мамыр аралығында Қытайдың оңтүстігінде 2025 жылдың басынан бергі ең күшті жауын-шашын болады деп болжап отыр. Табиғи апаттардың қаупі жоғары деңгейде қалады.

Соған байланысты жексенбі күні билік Юньнань провинциясында су тасқынына байланысты «көгілдір» ескерту деңгейін жариялаған.