Аймақтар • 26 Мамыр, 2025

Семейдегі аспалы көпірді жөндеу жұмыстары басталды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

26 мамыр - 20 маусым аралығында Семейдегі аспалы көпірде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жол жамылғысы жаңартылады, деп жазады Egemen.kz alashtimeskz-ке сілтеме жасап.

Семейдегі аспалы көпірді жөндеу жұмыстары басталды

Фото: semeynews.kz

Қаланың оңтүстігі мен солтүстік бағытын жалғайтын көпір кейінгі 20 жылдан бері күрделі жөндеу көрмеген. Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев көпір толық жабылмайтынын, қозғалыс бір бағытта ғана ұйымдастыралатынын айтты. 

«Бір ай бұрын Семей қаласының жолдарын ағымдағы (шұңқырлы) жөндеуге байланысты тендер аяқталды. Жұмыстардың жалпы құны — 300 892 857 теңге. Оның аясында аспалы көпірдің жүріс бөлігін жөндеу де қарастырылған. Бұл ретте 12 ай кепілдігі бар ПМА-10 маркалы (кеуекті-мастикалық) асфальтобетон қоспасы қолданылатын болады», деді Бекжан Бапышев.

Көпірде қолайсыздықтарды азайту үшін жөндеу жұмыстарын 21:00-ден 07:00-ге дейін жүргізу жоспарланған.